Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26475 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Ойыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №2-14/162 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Қараой ауылдық округі Қараой ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 28 маусымдағы №8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6271 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысы Ойыл ауданы
Қараой ауылдық округі әкімі
А. Султанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады