Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 22.04.2022 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Хромтау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 16-4/783 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округі Қопа және Тамды ауылдары аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қопа ауылдық округінің әкімі | А. Бусурманова |