Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 15-4/113 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Қопа ауылдық округі қарасты Қопа және Тамды ауылдары аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26678 болып тіркелген) № 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қопа ауылдық округінің әкімі | А. Бусурманова |