Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қаңтарда № 26678 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 22.04.2022 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Хромтау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 16-4/783 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округі Қопа және Тамды ауылдары аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қопа ауылдық округінің әкімі А. Бусурманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады