Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 30 қарашадағы № 16-04/755 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округі Ойсылқара ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы "Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округі Ойсылқара ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25710 болып тіркелген) № 25 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Қ. Жұмабай |