Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы "Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округі Ойсылқара ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 25 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қаңтарда № 26555 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 30 қарашадағы № 16-04/755 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округі Ойсылқара ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы "Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округі Ойсылқара ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25710 болып тіркелген) № 25 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Қ. Жұмабай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады