Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 13.01.2022 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы басшысы міндетін атқарушысының 2021 жылғы 11 мамырдағы № 02-16-04/328 ұсынысының негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округі Ойсылқара ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгiзiледi.
Ауылдық округ әкімі | Қ. Жұмабай |