Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы №133 және Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 маусымдағы № 277 "Қала көшелерінің атын өзгерту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-155 болып тіркелген) бірлескен қаулысына және шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен Шалқар ауданы әкімдігінің қаулысының және Шалқар аудандық мәслихатының шешімінің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Шалқар қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы";
көрсетілген бірлескен Шалқар ауданы әкімдігі қаулысының және Шалқар аудандық мәслихаты шешімінің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Шалқар қаласының Айшуақ көшесі Дәрменқұл Қалағанов көшесі болып қайта аталсын.";
көрсетілген бірлескен Шалқар ауданы әкімдігі қаулысының және Шалқар аудандық мәслихаты шешімінің 2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Шалқар қаласы Тұтынушылар тұйығы көшесі Жаржан Жармағамбетов тұйық көшесі болып қайта аталсын.";
көрсетілген бірлескен Шалқар ауданы әкімдігі қаулысының және Шалқар аудандық мәслихаты шешімінің 3 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Шалқар қаласы Пионер көшесі Үркінбай Адилшинов көшесі болып қайта аталсын.";
көрсетілген бірлескен Шалқар ауданы әкімдігі қаулысының және Шалқар аудандық мәслихаты шешімінің 4 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Шалқар қаласы Минеральные воды көшесі Ырзағазы Нұртаев көшесі болып қайта аталсын.";
көрсетілген бірлескен Шалқар ауданы әкімдігі қаулысының және Шалқар аудандық мәслихаты шешімінің 5 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Шалқар қаласы Орман тұйық көшесі Бисенов Өнербай Бисенұлы тұйық көшесі болып қайта аталсын.".
2. Осы бірлескен Шалқар ауданы әкімдігінің қаулысы және Шалқар аудандық мәслихатының шешімі олардың алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқар ауданының әкімі | Ж. Жидеханов |
Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Бигеев |