Ескерту. Бірлескен Шалқар ауданы әкімдігінің қаулысының және Шалқар аудандық мәслихатының шешімінің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 25.03.2022 № 124 қаулысы және Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 25.03.2022 № 181 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына және Шалқар қаласының Айшуақ, Тұтынушылар тұйығы, Пионер, Минеральные воды, Орман тұйық көшелерінің тұрғындарының конференция хаттамаларына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Шалқар қаласының Айшуақ көшесі Дәрменқұл Қалағанов көшесі болып қайта аталсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 25.03.2022 № 124 қаулысы және Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 25.03.2022 № 181 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Шалқар қаласы Тұтынушылар тұйығы көшесі Жаржан Жармағамбетов тұйық көшесі болып қайта аталсын.
Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 25.03.2022 № 124 қаулысы және Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 25.03.2022 № 181 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Шалқар қаласы Пионер көшесі Үркінбай Адилшинов көшесі болып қайта аталсын.
Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 25.03.2022 № 124 қаулысы және Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 25.03.2022 № 181 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Шалқар қаласы Минеральные воды көшесі Ырзағазы Нұртаев көшесі болып қайта аталсын.
Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 25.03.2022 № 124 қаулысы және Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 25.03.2022 № 181 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Шалқар қаласы Орман тұйық көшесі Бисенов Өнербай Бисенұлы тұйық көшесі болып қайта аталсын.
Ескерту. 5 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 25.03.2022 № 124 қаулысы және Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 25.03.2022 № 181 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Осы әкімдіктің бірлескен қаулысы мен мәслихаттың шешімнің орындалуын бақылау Шалқар қаласының әкімі Е.Данағұловқа жүктелсін.
7. Осы әкімдіктің бірлескен қаулысы мен шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р.Сыдықов |
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы |
С. Мендигаринов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
С.Тулемисов |