"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 186-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына сәйкес, Талдықорған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталындағы қатысу үлестері Талдықорған қаласының коммуналдық меншігінде болатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемі шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза табыс сомасының кемінде 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Талдықорған қаласының коммуналдық меншігіндегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдағы қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы берілген мемлекеттік органдар дивидендтердің (кірістердің) белгіленген көлемін бюджетке толық және уақытылы аударылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Д.Н.Нұржановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е. Жасыбаев |