Жарғылық капиталындағы қатысу үлестері Талдықорған қаласының коммуналдық меншігінде болатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемдерін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 5 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 20 қаңтарда № 26583 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 186-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына сәйкес, Талдықорған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталындағы қатысу үлестері Талдықорған қаласының коммуналдық меншігінде болатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемі шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза табыс сомасының кемінде 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Талдықорған қаласының коммуналдық меншігіндегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдағы қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы берілген мемлекеттік органдар дивидендтердің (кірістердің) белгіленген көлемін бюджетке толық және уақытылы аударылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Д.Н.Нұржановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е. Жасыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады