Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Текелі қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 363 "Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4441 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі | Б. Молдахметов |