Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 363 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 20 желтоқсанда № 4441 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 70 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 25.03.2022 № 70 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін .

      2. Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 07 желтоқсандағы "Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3662 болып тіркелген, "Текелі тынысы" газетінде 2015 жылдың 24 сәуірінде № 17 (3228) жарияланған) № 360 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қаласының әкімі Б. Өнербаев

  Текелі қаласы әкімдігінің 2017 жылғы "6 " желтоқсандағы "Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" № 363 қаулысына қосымша

Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері

 
№ р/с

 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (аудан, қала)

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (тенге)
3-7 жасқа дейін

1

"Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№1 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

40

10500

2

"Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№2 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

40

10500

3

"Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№3 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

200

10500

4

"Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№4 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

10500

 
5

"Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№1 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

30

7500

6

"Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

30

7500

7

"Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№4 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

15

7500

8

"Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№7 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

15

7500

9

ЖК "Ержанов" балабақшасы

85

12000


Текелі қаласы бойынша

595


      Ескертпе:

      Ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері:

      1) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейiнгi ұйымдарда баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды;

      2) мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылғандарды қоспағанда, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады