Текелі қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 363 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 70 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 19 сәуірде № 27627 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Текелі қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 363 "Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4441 болып тіркелген).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қаласының әкімі Б. Молдахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады