Кербұлақ ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 67 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 22 сәуірде № 27735 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидасының 50-1 – тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Кербұлақ ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кербұлақ ауданының әкімі Г. Сарыбаев

  Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 67 қаулысына қосымша

Кербұлақ ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Алатын алаңы

Жақын орналасқан инфрақұрылым

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

1

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы,
Жібек-Жолы көшесі, Раяна дүкеніне қарама- қарсы

200 шаршы метр

"Фортуна" кафесі және "Раяна" дүкені

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

3 жыл

2

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Т. Рысқұлов көшесі, Космос дүкеніне қарама-қарсы

300 шаршы метр

"Космос" дүкені

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

3 жыл

3

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Мадибекұлы көшесі, Дарын базарының оң жағында

100 шаршы метр

"Дарын" базары

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

3 жыл

4

Кербұлақ ауданы,
Қоғалы ауылы, Желтоқсан көшесі Жұлдыз дүкеніне қарама-қарсы

100 шаршы метр

"Темірлан" дүкені және "Жұлдыз" дүкені

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

3 жыл


Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Кербулакского района

Постановление акимата Кербулакского района Алматинской области от 21 апреля 2022 года № 67. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 апреля 2022 года № 27735

      В соответствии с подпунктом 4-2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 50-1 Правил внутренней торговли, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11148), акимат Кербулакского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить и утвердить места размещения нестационарных торговых объектов на территории Кербулакского района, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего данную сферу заместителя акима района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Кербулакского района Г. Сарыбаев

  Приложение к постановлению Акимата Кербулакского района от 21 апреля 2022 года № 67

Места размещения нестационарных торговых объектов на территории Кербулакского района

Места размещения нестационарных торговых объектов

Занимаемая площадь

Близлежащая инфраструктура

Сфера деятельности

Период осуществления торговой деятельности

1

Кербулакский район,
село Сарыозек, улица Жибек-Жолы, напротив магазина Раяна

200 квадратных метра

кафе "Фартуна" и магазин "Раяна"

Продовольственные, непродовольственные товары

3 года

2

Кербулакский район,
село Сарыозек,
улица Т. Рыскулова, напротив магазина Космос

300 квадратных метра

магазин "Космос"

Продовольственные, непродовольственные товары

3 года

3

Кербулакский район, село Сарыозек, улица Мадибекулы, справа от рынка Дарын

100 квадратных метра

рынок "Дарын"

Продовольственные, непродовольственные товары

3 года

4

Кербулакский район,
село Когалы,
улица Желтоксан, напротив магазина Жұлдыз

100 квадратных метра

магазин
"Темірлан" и магазин "Жұлдыз"

Продовольственные, непродовольственные товары

3 года