"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидасының 50-1 – тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Кербұлақ ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кербұлақ ауданының әкімі | Г. Сарыбаев |
Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 67 қаулысына қосымша |
Кербұлақ ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру
№ | Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары | Алатын алаңы | Жақын орналасқан инфрақұрылым | Қызмет саласы | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі |
1 |
Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, | 200 шаршы метр | "Фортуна" кафесі және "Раяна" дүкені | Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар | 3 жыл |
2 | Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Т. Рысқұлов көшесі, Космос дүкеніне қарама-қарсы | 300 шаршы метр | "Космос" дүкені | Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар | 3 жыл |
3 | Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Мадибекұлы көшесі, Дарын базарының оң жағында | 100 шаршы метр | "Дарын" базары | Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар | 3 жыл |
4 |
Кербұлақ ауданы, | 100 шаршы метр | "Темірлан" дүкені және "Жұлдыз" дүкені | Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар | 3 жыл |