Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 02.07.2024 № 233 шешімімен (алғашқы ресми жариянған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48, 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Алматы облысы Ұйғыр ауданының Қырғызсай ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұйғыр ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұйғыр ауданының әкімі | Ш. Нурахунов |