Ұйғыр ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 233 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 3 шілдеде № 6140-05 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Ұйғыр ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      1) Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27685 болып тіркелген);

      2) Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 2022 жылғы 1 тамыздағы "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 21 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28997 болып тіркелген).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариянған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұйғыр ауданының әкімі Б. Елеусизова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады