Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы

Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 262 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 ақпанда № 26812 болып тіркелді

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабы 4-1) тармақшасына, "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқанға жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 14 ақпандағы
№ 262 қаулысымен бекітілген

Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі

      1. Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың осы әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-4 бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.

      3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;

      Bn – газетте орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;

      V – газетте орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны;

      Bm – журналда орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;

      V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;

      V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің таңбасымен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден астам болса – 1,4.

      5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Btv – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

      V – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.

      Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде көрсетілетін қызметте телевизиялық жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

      6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Br – радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;

      V – радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

  Шымкент қаласының аумағындағы
бұқаралық ақпарат құралдарында
мемлекеттік ақпараттық саясатты
жүргізу үшін сатып алынатын
көрсетілетін қызметтердің
құнын айқындау
Әдістемесіне қосымша

Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілген қызметтердің базалық бағалары

Қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

2022 жыл (теңге)

2023 жыл (теңге)

2024 және кейінгі жылдар (теңге)

1.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

385

389

405

2.

Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

200

208

216

3.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bm)

шаршы сантиметр

1350

1404

1460

4.

Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарда (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bm)

шаршы сантиметр

182

189

197

5.

Республикалық маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi)

таңба

92

96

100

6.

Өңірлік маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi)

таңба

6

6,2

6,5

7.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле- радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

373 457

388 395

403 931

8.

Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шымкент қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле- радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (жаңалық сюжеттер өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

8 750

9 100

9 464

9.

Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шымкент қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле- радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық-талдамалық, танымдық бағдарламалар өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

17 250

17 940

18 658

10.

Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шымкент қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле- радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (білім беру бағдарламалар өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

16 750

17 420

18 117

11.

Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шымкент қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле- радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (телевизиялық бағдарламар өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

17 700

18 408

19 144

12.

Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шымкент қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле- радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ток шоу өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

25 167

26 173

27 220

13.

Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шымкент қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле- радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (реалити-шоу өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

23 917

24 873

25 868

14.

Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шымкент қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле- радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (деректі фильм өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

40 000

41 600

43 264

15.

Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шымкент қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле- радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (бейнеролик өндіру және орналастыру) (Btv)

секунд

6 104

6 348

6 602

16.

Шымкент қаласының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламарды дайындау және орналастыру) (Br)

минут

11 564

12 027

12 508

17.

Шымкент қаласының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (аудиоролик дайындау және орналастыру) (Br)

секунд

539

561

583


Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории города Шымкент

Постановление акимата города Шымкент от 14 февраля 2022 года № 262. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 февраля 2022 года № 26812

      В соответствии с подпунктом 4-1) статьи 4-4 Закона Республики Казахстан "О средствах массовой информации", приказом исполняющего обязанности Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 19 мая 2021 года № 173 "Об утверждении типовой методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на региональном уровне" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22807), акимат города Шымкент ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить методику определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории города Шымкент.

      2. Государственному учреждению "Управление внутренней политики и по делам молодежи города Шымкент" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Шымкент после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима города Ш.Мукана.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Шымкент М. Айтенов

  Утверждена
постановлением
Акимата города Шымкент
от 14 февраля 2022 года № 262

Методика определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории города Шымкент

      1. Настоящая Методика определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории города Шымкент (далее - Методика), разработана в соответствии с подпунктом 4-1) статьи 4-4 Закона Республики Казахстан "О средствах массовой информации" и устанавливает алгоритм определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории города Шымкент.

      2. Стоимость услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на региональном уровне (далее – услуга), определяется в зависимости от базовых цен на услуги, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации за счет средств местного бюджета для каждого отдельного вида услуги средств массовой информации согласно приложению к настоящей Методике.

      3. Стоимость услуги в периодических печатных изданиях определяется по формуле:

      1) для газет по формуле Pn=Bn x V x Kq, где:

      Pn (price) – стоимость услуги в газетах с учетом налога на добавленную стоимость;

      Bn – базовая цена за один квадратный сантиметр услуги, размещаемой в газете;

      V – объем услуги, размещаемой в газете, исчисляемой в квадратных сантиметрах;

      Kq – поправочный коэффициент на тираж газеты:

      до 200 000 экземпляров – 1,3;

      до 100 000 экземпляров – 1,15;

      до 50 000 экземпляров – 1;

      до 30 000 экземпляров – 0,9;

      до 20 000 экземпляров – 0,8;

      до 10 000 экземпляров – 0,65;

      до 5 000 экземпляров – 0,5;

      2) для журналов по формуле Pm=Bm x V x Kq, где:

      Pm (price) – стоимость услуги в журналах с учетом налога на добавленную стоимость;

      Bm – базовая цена за один квадратный сантиметр услуги, размещаемой в журнале;

      V – объем услуги, размещаемой в журнале, исчисляемой в квадратных сантиметрах;

      Kq – поправочный коэффициент на тираж журнала:

      до 15 000 экземпляров – 1,2;

      до 10 000 экземпляров – 1,1;

      до 8 000 экземпляров – 1;

      до 5 000 экземпляров – 0,9;

      до 3 000 экземпляров – 0,8;

      до 1 000 экземпляров – 0,7.

      4. Стоимость услуги в интернет-ресурсе определяется по формуле Pi=Bi x V x Kq, где:

      Pi (price) – стоимость услуги в интернет-ресурсе с учетом налога на добавленную стоимость;

      Bi – базовая цена за один символ, секунду, минуту, штуку услуги, размещаемой в интернет-ресурсе;

      V – объем услуги, размещаемой в интернет-ресурсе, исчисляемой в символах, секундах, минутах, штуках;

      Kq – поправочный коэффициент для учета среднемесячного количества посещений интернет-ресурса уникальными пользователями:

      до 500 000 посетителей в месяц – 1;

      до 1 000 000 посетителей в месяц – 1,1;

      до 2 000 000 посетителей в месяц – 1,2;

      до 5 000 000 посетителей в месяц – 1,3;

      свыше 5 000 000 посетителей в месяц – 1,4.

      5. Стоимость услуги на телевидении определяется по формуле Ptv=Btv x V, где:

      Ptv (price) – стоимость услуги на телевидении с учетом налога на добавленную стоимость;

      Btv – базовая цена за одну секунду, минуту, серию услуги, размещаемой на телевидении;

      V – объем услуги, размещаемой на телевидении, исчисляемой в секундах, минутах, сериях.

      В случае если при формировании государственного информационного заказа не учитываются разделения по жанрам услуг на телевидении, то стоимость услуг на телевидении рассчитывается по базовой цене (Btv).

      6. Стоимость услуги на радиоканале определяется по формуле Pr=Br x V, где:

      Pr (price) – стоимость услуги на радиоканале с учетом налога на добавленную стоимость;

      Br – базовая цена за одну секунду, минуту услуги, размещаемой на радиоканале;

      V – объем услуги, размещаемой на радиоканале, исчисляемый в секундах, минутах.

  Приложение к Методике
определения стоимости
услуг, закупаемых для
проведения государственной
информационной политики в
средствах массовой информации
территории города Шымкент

Базовые цены на услуги, закупаемые для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории города Шымкент

Наименование услуги

Единица измерения

2022 год (тенге)

2023 год (тенге)

2024 и последующие годы (тенге)

1.

Услуга (изготовление и размещение информационных материалов) в периодических печатных изданиях (газета), распространяемых на территории Республики Казахстан (Bn)

квадратный сантиметр

385

389

405

2.

Услуга (изготовление и размещение информационных материалов) в периодических печатных изданиях (газета), распространяемых на территории города Шымкент (Bn)

квадратный сантиметр

200

208

216

3.

Услуга (изготовление и размещение информационных материалов) в периодических печатных изданиях (журнал), распространяемых на территории Республики Казахстан (Bm)

квадратный сантиметр

1350

1404

1460

4.

Услуга (изготовление и размещение информационных материалов) в периодических печатных изданиях (журнал), распространяемых на территории города Шымкент (Bm)

квадратный сантиметр

182

189

197

5.

Услуга (изготовление и размещение информационных материалов) в интернет-ресурсе, освещающего вопросы республиканского значения (Bi)

символ

92

96

100

6.

Услуга (изготовление и размещение информационных материалов) в интернет-ресурсе, освещающего вопросы регионального значения (Bi)

символ

6

6,2

6,5

7.

Услуга (производство и размещение информационных материалов) на телевидении, включенных в обязательный перечень теле-радиоканалов, распространяемых на территории Республики Казахстан (Btv)

минута

373 457

388 395

403 931

8.

Услуга (производство и размещение новостных сюжетов) на телевидении, входящих в перечень теле-радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания на территории города Шымкент, за исключением каналов, входящих в перечень обязательных теле-радиоканалов (Btv)

минута

8 750

9 100

9 464

9.

Услуга (производство и размещение информационно-аналитических, познавательных программ) на телевидении, входящих в перечень теле-радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания на территории города Шымкент, за исключением каналов, входящих в перечень обязательных теле-радиоканалов (Btv)

минута

17 250

17 940

18 658

10.

Услуга (производство и размещение образовательных программ) на телевидении, входящих в перечень теле-радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания на территории города Шымкент, за исключением каналов, входящих в перечень обязательных теле-радиоканалов (Btv)

минута

16 750

17 420

18 117

11.

Услуга (производство и размещение телевизионных программ) на телевидении, входящих в перечень теле-радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания на территории города Шымкент, за исключением каналов, входящих в перечень обязательных теле-радиоканалов (Btv)

минута

17 700

18 408

19 144

12.

Услуга (производство и размещение ток шоу) на телевидении, входящих в перечень теле-радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания на территории города Шымкент, за исключением каналов, входящих в перечень обязательных теле-радиоканалов (Btv)

минута

25 167

26 173

27 220

13.

Услуга (производство и размещение реалити шоу) на телевидении, входящих в перечень теле-радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания на территории города Шымкент, за исключением каналов, входящих в перечень обязательных теле-радиоканалов (Btv)

минута

23 917

24 873

25 868

14.

Услуга (производство и размещение документального фильма) на телевидении, входящих в перечень теле-радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания на территории города Шымкент, за исключением каналов, входящих в перечень обязательных теле-радиоканалов (Btv)

минута

40 000

41 600

43 264

15.

Услуга (производство и размещение видеоролика) на телевидении, входящих в перечень теле-радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания на территории города Шымкент, за исключением каналов, входящих в перечень обязательных теле-радиоканалов (Btv)

секунда

6 104

6 348

6 602

16.

Услуга (изготовление и размещение информационных программ) на радиоканале, распространяемого на территории города Шымкент (Br)

минута

11 564

12 027

12 508

17.

Услуга (изготовление и размещение аудиоролика) на радиоканале, распространяемого на территории города Шымкент (Br)

секунда

539

561

583