"Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 262 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 238 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2025 жылғы 21 қаңтарда № 229-17 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 262 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26812 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С. Құранбекке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Г. Сыздыкбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады