Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 10.06.2022 № 1003 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 9 ақпандағы № 03-10/108 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласы Абай ауданы А. Жұбанов көшесі аумағында иттен құтыру ауруы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |