Шектеу іс-шараларын тоқтату және Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 365 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 1003 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 маусымда № 28514 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1-1 тармағының 3) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 02-09/337 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласы Абай ауданы А.Жұбанов көшесі аумағында иттің құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 365 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27088 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады