Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 365 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 наурызда № 27088 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 10 маусымдағы № 1003 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 10.06.2022 № 1003 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 9 ақпандағы № 03-10/108 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласы Абай ауданы А. Жұбанов көшесі аумағында иттен құтыру ауруы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады