Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 1 наурыздағы № 19 болып тіркелген) қаулысына мына өзгеріс енгізілсін:
қаулының 1-тармағында жылқылардың ауруы - "нуталлиоз" деген сөзі "нутталлиоз" деген сөзбен ауыстырылып, мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |