Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 141 "Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 тамыздағы № 1536 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 тамызда № 29139 болып тіркелді

      Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 1 наурыздағы № 19 болып тіркелген) қаулысына мына өзгеріс енгізілсін:

      қаулының 1-тармағында жылқылардың ауруы - "нуталлиоз" деген сөзі "нутталлиоз" деген сөзбен ауыстырылып, мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады