Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шымкент қаласы мәслихатының "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беру Қағидасын бекіту туралы" 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/378-6с шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесінде қазақ тіліндегі мәтінінде "ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ" деген сөздер "ШЕШТІ" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген шешіммен бекітілген "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беру Қағидасындағы:
5, 13-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"5. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беру жылына бір рет және Қала күніне орайластырылады. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағы жыл сайын он екі адамға дейін берілуі мүмкін. Егер көрсетілген атақ ағымдағы жылы берілмеген жағдайда, онда ол келесі жылға ауыстырылуы мүмкін.";
"13. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы Шымкент қаласы мәслихатының шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Б. Нарымбетов |