"Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Шымкент қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/378-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 сәуірде № 29 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/43-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/43-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беру қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/43-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Шымкент қаласы мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы М.Битеміров
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев

  Шымкент қаласы мәслихатының
2019 жылғы 29 наурыздағы
№ 47/378-6с шешіміне қосымша

"Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/43-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беру қағидалары (әрі қарай - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңынның 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/43-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағы экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытуға қосқан үлкен үлесі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістігі, демократияны, жариялылық пен әлеуметтік прогресті, рухани және интеллектуалды әлеуетті дамытудағы, заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жетістіктері, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі, ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту, қаланы мекендейтін халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жемісті жұмысы, өндіріс саласындағы, бизнестегі, шығармашылықтағы, спорттағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі, қоршаған ортаны қорғаудағы жоғары жетістіктері, қайырымдылық пен мейірбандық қызметтер жасауда қала алдында айрықша сіңірген еңбегі бар азаматтарға беріледі.

      3. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағы азаматтарға көзі тірісінде беріледі.

      4. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағы заңсыз сотталған және кейіннен сот шешімі бойынша толық ақталған тұлғаларды қоспағанда соттылығы бар, сондай-ақ бұрын сотты болған тұлғаларға берілмейді.

2-тарау. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беруге ұсыну тәртібі

      5. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беру жылына бір рет және Қала күніне орайластырылады. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағы жыл сайын он екі адамға дейін берілуі мүмкін. Егер көрсетілген атақ ағымдағы жылы берілмеген жағдайда, онда ол келесі жылға ауыстырылуы мүмкін.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 12.08.2022 № 20/173-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беру еңбек ұжымдары, Шымкент қаласының аудандары әкімдері, саяси партиялар, қоғамдық және діни бірлестіктер, жергілікті қоғамдастық жиналыстарының (жиындарының) шешімдері негізінде жүзеге асырылады.

      Қолдаухатқа тиiстi басшының қолы қойылады, онда кандидаттың нақты сiңiрген еңбектерi көрсетiледi. Қолдаухатқа жиналыс хаттамасының көшiрмесi, кандидаттың айрықша сiңiрген еңбегiн растайтын құжаттарының көшiрмелерi, өмiрбаяндық мәлiметтерi, соттылық жөніндегі мәліметтер, 9х12 көлемдегi суретi қоса тiгiледi.

      Атақ беру туралы өз кандидатурасын ұсынған тұлғалардан түскен қолдаухаттар қарастырылмайды.

      7. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы қолдаухат оған қоса тіркелетін құжаттарымен бірге "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне ұсынылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/43-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсыныс Шымкент қаласы мәслихатына қала әкімімен аталған мәселені Шымкент қаласы мәслихаты сессиясында қарауға дейін 1 айдан кешіктірмей енгізіледі.

      9. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешімді Шымкент қаласы мәслихаты қабылдайды.

      10. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беру мәселелері бойынша құжаттарды жүргізу мен есепке алуды, Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган есебінен куәлігі мен төс белгісін жасауды қала әкімі аппараты жүзеге асырады.

      11. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" туралы куәлікке Шымкент қаласының әкімі мен Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы қол қояды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/43-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" куәлігі мен төс белгіні Шымкент қаласының әкімі мен Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы салтанатты жағдайда тапсырады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/43-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы Шымкент қаласы мәслихатының шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 12.08.2022 № 20/173-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. "Шымкент қалсының құрметті азаматы" атағы берілген тұлға, аталған тұлғаға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, қала әкімінің ұсынымы негізінде, мәслихат шешімі бойынша ол атақтан айрылады.

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген негіздер бойынша "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағынан айырылған тұлғаға атақ қайталап берілмейді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/43-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 37-бабына сәйкес сот бойынша ақталған адамға "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағы әкімнің ұсынысы негізінде мәслихаттың шешімімен қалпына келтіріледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/43-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады