Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шымкент қаласы мәслихатының "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы" 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/628-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 125 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімге 1, 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Б. Нарымбетов |
Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/221-VII шешіміне 1-қосымша |
|
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/628-6с шешімнің 1 қосымшасы |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары |
1. | Ақылы автотұрақтар (паркингтер) |
2. | Ақысыз автотұрақтар (паркингтер) |
Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/221-VII шешіміне 2-қосымша |
|
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 ылғы 14 қыркүйектегі № 69/628-6с шешіміне 2 қосымша |
Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемесінің ұлғаюы
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Базалық салық мөлшерлемесінің ұлғаюы |
1. | Ақылы автотұрақтар (паркингтер) | он есе |
2. | Ақысыз автотұрақтар (паркингтер) | бес есе |