"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505-бабына, 509-бабының 3-тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Автотұрақтарға (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.
3. "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерлерге арналған базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 28/240-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4634 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 маусымдағы № 49 "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы | |
мәслихаты сессиясының төрайымы | Т. Султанова |
Шымкент қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Г. Ташкараев |
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 69/628-6с шешіміне 1 қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцяда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.12.2022 № 23/221-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары |
1. | Ақылы автотұрақтар (паркингтер) |
2. | Ақысыз автотұрақтар (паркингтер) |
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 69/628-6с шешіміне 2 қосымша |
Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемесінің ұлғаюы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцяда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.12.2022 № 23/221-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Базалық салық мөлшерлемесінің ұлғаюы |
1. | Ақылы автотұрақтар (паркингтер) | он есе |
2. | Ақысыз автотұрақтар (паркингтер) | бес есе |