"Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы" 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/628-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/221-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда № 31281 болып тіркелді

      Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шымкент қаласы мәслихатының "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы" 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/628-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 125 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімге 1, 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов

  Шымкент қаласы мәслихатының
2022 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 23/221-VII шешіміне 1-қосымша
  Шымкент қаласы мәслихатының
2020 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 69/628-6с шешімнің 1 қосымшасы

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

1.

Ақылы автотұрақтар (паркингтер)

2.

Ақысыз автотұрақтар (паркингтер)

  Шымкент қаласы мәслихатының
2022 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 23/221-VII шешіміне 2-қосымша
  Шымкент қаласы мәслихатының
2020 ылғы 14 қыркүйектегі
№ 69/628-6с шешіміне 2 қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемесінің ұлғаюы

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Базалық салық мөлшерлемесінің ұлғаюы

1.

Ақылы автотұрақтар (паркингтер)

он есе

2.

Ақысыз автотұрақтар (паркингтер)

бес есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады