Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, 68 бабына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихатының хатшысы | К. Сулейменов |
Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/79-VII 1 қосымша |
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
1. Әлеуметтік көмек түрі ретінде қарыз сомасынан 10 %, алайда 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Әлеуметтік қолдау түрі ретінде қарыз сомасынан 10 %, алайда 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.
Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/79-VII 2 қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Ескерту. 2 қосымшаға өзгерістер енгізілді - Абай облысы мәслихатының 11.09.2024 № 18/124-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Атауы |
1 | Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар |
2 | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар |
3 | Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар |
4 | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар |
5 | Ұлы Отан соғысының ардагерлері |
6 | Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер |
7 | Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер |
8 | Қандастар |
9 | Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар |
10 | Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары |
11 | Толық емес отбасылар |
12 | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар |
13 | Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері |