Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бородулиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 маусымдағы № 38-2-VI "Бородулиха ауданының Жезкент кенті бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6003 болып тіркелген).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | У. Майжанов |
Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қарашадағы № 23-2-VII шешіміне қосымша |
Бородулиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілерінің түрлері | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
1,75 |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,14 |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,65 |
4. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,52 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,13 |
6. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,0004 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,36 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,18 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,50 |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,07 |
11. | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
12. | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,002 |
13. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |
14. | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,68 |
15. | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 1.04 |
16. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,14 |
17. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
18. | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,16 |
19. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,07 |
20. | Жағажайлар, жолдардан көше сыпырындысы | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
21. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,22 |
22. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 2.0 |
23. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1, 5 |
24. | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,31 |
25. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1.20 |
26. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,17 |
27. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,35 |
28. | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 2.0 |
29. | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0.42 |
30. | Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,08 |
31. | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |