Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жамбыл облыстық мәслихаттың "Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №20-9 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2106 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облыстық | |
мәслихатының хатшысы | М. Сарыбеков |