Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 20-9 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қаңтарда № 2106 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы мәслихатының 2022 жылғы 16 ақпандағы № 13-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы мәслихатының 16.02.2022 № 13-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 127 бабына және "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 36 бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес тарихи – мәдени мұра объектілері болып табылатын Байзақ ауданында орналасқан "Қостөбе", Шу ауданында орналасқан "Ақтөбе", Т.Рысқұлов ауданында орналасқан"Құлан", "Өрнек" қалашықтарының қорғау аймақтарының шекаралары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс жәнеәйелдер істері мен отбасы - демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыстық мәслихаттың Облыстық
      сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы
      М. Сарсенов Б. Қарашолақов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Жамбыл облысы әкімдігінің

      жер қатынастар басқармасы"

      коммуналдық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      С.М. Жұмағұлов

      18 желтоқсан 2013 жыл

      "Жамбыл облысы әкімдігінің

      мәдениет, мұрағаттар және

      құжаттама басқармасы"

      коммуналдық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      А.Қ. Саденова

      18 желтоқсан 2013 жыл

  Жамбыл облыстық
мәслихатының 2013 жылғы 18
желтоқсандағы № 20-9 шешіміне
1 қосымша

"Қостөбе" қалашығының қорғау аймағы

      Қорғау аймағына тарихи қалыптасқан жағдай және бүгінгі ескерткіштердің тарихи орны және оны жаңғыртуға сақталынатын аймақ жатады.

      Қорғалатын аймаққа:

      цитадель (қалашықтың әкімшілік орталығының құрылысы).

      шахристан 1, 2 (қалашықтың негізгі бөлігі).

      некрополь 1, 2 (қалашықтың зират бөлігі).

      қалашықтың қорғаныс қабырғасының қираған орны (сыртқы қоршау бөлігі) жатқызылады.

      Ескерткіштің қорғау аймағы –59,5гектар.

  Жамбыл облыстық
мәслихатының 2013 жылғы 18
желтоқсандағы № 20-9 шешіміне
2 қосымша

"Ақтөбе" қалашығының қорғау аймағы

      Қорғау аймағына тарихи қалыптасқан жағдай және бүгінгі ескерткіштердің тарихи орны және оны жаңғыртуға сақталынатын аймақ жатады.

      Қорғалатын аймаққа:

      цитадель (қалашықтың әкімшілік орталығының құрылысы);

      шахристан 1, 2 (қалашықтың негізгі бөлігі);

      рабад (қала сыртындағы үйлердің орындары);

      төрткүлдер (бекіністі құрылыс орындары);

      үй жайлар;

      қамалдың қираған қабырғаларының орындары жатқызылады.

      Ескерткіштің қорғау аймағы – 569,0 гектар.

  Жамбыл облыстық
мәслихатының 2013 жылғы 18
желтоқсандағы № 20-9 шешіміне
3 қосымша

"Құлан" қалашығының қорғау аймағы

      Қорғау аймағына тарихи қалыптасқан жағдай және бүгінгі ескерткіштердің тарихи орны және оны жаңғыртуға сақталынатын аймақ жатады.

      Қорғалатын аймаққа:

      цитадель (қалашықтың әкімшілік орталығының құрылысы);

      шахристан (қалашықтың негізгі бөлігі);

      ішкі қамал (қалашықтың ішкі қоршау бөлігі);

      қорғау қабырғасыз рабат (қала сыртындағы үйлердің орындары) жатады.

      Ескерткіштің қорғау аймағы – 93.64 гектар.

  Жамбыл облыстық
мәслихатының 2013 жылғы 18
желтоқсандағы № 20-9 шешіміне
4 қосымша

"Өрнек" қалашығының қорғау аймағы

      Қорғау аймағына тарихи қалыптасқан жағдай және бүгінгі ескерткіштердің тарихи орны және оны жаңғыртуға сақталынатын аймақ жатады.

      Қорғалатын аймаққа:

      мешіт;

      тұрғын үй орны;

      құрылыстардың қираған орны;

      үш әуіз орындарының қазан шұңқырлары;

      құмырашының шеберханасы;

      кесененің қираған орындары жатқызылады.

      Ескерткіштің қорғау аймағы – 82,04 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады