Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 09.03.2023 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшiне енедi және 01.01.2023 бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады) қаулысымен.
Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 19 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 - қосымшасында:
4.13 жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
4.13 | Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар | 45 869 | 19 911 | 5700 |
";
10.15 жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
10.15 | Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар | 41 718 | 45 869 | 2350 |
";
11.13 жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
11.13 | Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар | 41 718 | 10502 |
";
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының | |
әкімі | Н. Нуржигитов |