"Жамбыл облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 19 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 155 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 шілдеде № 28865 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 35 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 09.03.2023 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшiне енедi және 01.01.2023 бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады) қаулысымен.

      Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жамбыл облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 19 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 - қосымшасында:

      4.13 жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.13

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар


45 869


19 911

5700

      ";

      10.15 жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10.15

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар

41 718

45 869



2350

      ";

      11.13 жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11.13

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар

41 718




10502

      ";

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының
      әкімі Н. Нуржигитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады