"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облыстық | |
мәслихатының хатшысы | М. Сарыбеков |
Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23-12 шешіміне қосымша |
Жамбыл облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 22-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2199 болып тіркелген) шешімі.
2. "Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 22-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 26 наурыздағы № 35-13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2626 болып тіркелген) шешімі.
3. "Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 22-9 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 15 қазандағы № 50-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4771 болып тіркелген) шешімі.