"Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 22-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 35-13 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 2626 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23-12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 23-12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4-2 тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты шешIм Қабылдады:

      1. "Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп- ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 22-9 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2199 болып тіркелген, "Ақ жол" газетінде 2014 жылғы 15 мамырдағы № 70-71 (17927-17928) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      осы шешімнің мәтініндегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына" деген сөздер алынып тасталсын.

      Осы шешімге қоса беріліп бекітілген Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларындағы "Жалпы ережелер" 1 бөлімнің 1 тармағында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына" деген сөздер "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 386-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, экология, табиғатты пайдалануды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      Б. Алдашов Б. Қарашолақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады