Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байзақ ауданының әкімдігінің 2005 жылғы 2 тамыздағы №344 "Байзақ ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 13 мамырдағы №206 "Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-2-15 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қайрат Абилханұлы Исмаилға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байзақ ауданының әкімі | Б. Казанбасов |