Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 14.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатуды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14-бабы 2-тармағының талаптарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байзақ ауданы Әкімдігінің 2005 жылғы 13 мамырдағы "Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" N 206 қаулысы (Байзақ аудандық әділет басқармасынан 2005 жылғы 22 маусымда N 6-2-10 нөмірмен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Ауыл жаңалығы" газетінің 29 маусым 2005 жылғы N 40 (7142) нөмерінде жарияланған) 1-1 тармағымен толықтырылсын:
1.1 Эротикалық сипаттағы материалдары бар басылымдар "Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі N 106, Байзақ аудандық байланыс "Пошта" торабы мекемесінде сатылады".
2. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Аудан Әкімі | А. Нұралиев |