Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 517 "Жамбыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4770 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданының әкімі | Е. Кыдыралыулы |
Жамбыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 691 қаулысына қосымша |
Жамбыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ |
Стационарлық емес сауда | Алатын алаңы, шаршы метр | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) | Қызмет саласы | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл |
1. | Аса ауылдық округі, Аса ауылы, Абай көшесі, № 58б үйдің сол жағында | 80 | жоқ | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |
2. | Аса ауылдық округі, Аса ауылы, Абай көшесі, № 46 үйдің сол жағында | 80 | жоқ | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |
3. | Аса ауылдық округі, Аса ауылы, Абай көшесі, "Жамбыл ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы | 100 | жоқ | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |
4. | Айша биби ауылдық округі, Айша биби ауылы, Жібек жолы көшесі, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің "Айша биби ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оң жағында | 81 | жоқ | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |
5. | Ақбұлым ауылдық округі, Ақбұлым ауылы, Дербіс болыс көшесі, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің "Ақбұлым ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сол жағында | 30 | жоқ | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |
6. | Ақбастау ауылдық округі, Шоқай ауылы, Қ. Рысқұлов көшесі, "Айдана" дүкеніне қарама-қарсы | 30 |
"Айдана" | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |
7. | Бесағаш ауылдық округі, Бесағаш ауылы, Бейбітшілік көшесі, "Қонақбай" дүкеніне қарама-қарсы | 300 |
"Қонақбай" | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |
8. | Гродекова ауылдық округі, Гродекова ауылы, Ақжол көшесі, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің "Гродекова ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оң жағында | 460 | жоқ | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |
9. | Ерназар ауылдық округі, Ерназар ауылы, Абдыхайым көшесі, № 46 үйдің оң жағында | 20 | жоқ | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |
10. | Жамбыл ауылдық округі, Шайқорық ауылы, Сихымбай баба көшесі, №15 үйдің сол жағында | 180 | жоқ | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |
11. | Қаратөбе ауылдық округі, Бектөбе ауылы, Жамбыл көшесі, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің Амангелді атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оң жағында | 800 | жоқ | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |
12. | Қарасу ауылдық округі, Ащыбұлақ ауылы, Қ. Тубаев көшесі, "Тойжан" дүкенінің сол жағында | 30 |
"Тойжан" | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |
13. | Қөлқайнар ауылдық округі, Тастөбе ауылы, Т. Рұсқұлов көшесі, "Медина" мейрамханасына қарама-қарсы | 50 | "Медина" мейрамханасы | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |
14. | Қызылқайнар ауылдық округі, Қызылқайнар ауылы, Бейсеу Молда көшесі, "Қызылқайнар" мейрамханасына қарама-қарсы | 40 | "Қызылқайнар" мейрамханасы | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |
15. | Қаракемер ауылдық округі, Қаракемер ауылы, Әбимолда көшесі, № 35а үйдің оң жағында | 60 | жоқ | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |
16. | Қарой ауылдық округі, Қарой ауылы, Пірімқұлов көшесі, № 106 үйдің сол жағында | 30 | жоқ | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |
17. | Өрнек ауылдық округі, Өрнек ауылы, А. Омаров көшесі, "Жақсылық" дүкенінің сол жағында | 20 |
"Жақсылық" | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |
18. | Полатқосшы ауылдық округі, Жалпақтөбе ауылы, Юнчи көшесі, № 3 үйдің оң жағында | 800 | жоқ | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |
19. | Тоғызтарау ауылдық округі, Тоғызтарау ауылы, Жүнісұлы көшесі, № 7а үйдің оң жағында | 45 | жоқ | азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату | 5 |