Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 09.12.2022 №691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда № 11148 болып тіркелді) 102-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қыдыралыұлы Ерланға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
Жамбыл ауданының әкімі | С. Арубаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 517 қаулысына қосымша |