Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 19.03.2024 № 19-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сарысу аудандық мәслихатының "Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4634 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларында:
9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
Мүгедектігі бар адамдарды, магистратураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарды, он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген, еңбек істеуге қабілеті болса да жұмыс істемейтін адамдары бар аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарысу аудандық | |
мәслихат хатшысы | А. Сейналиев |