Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 "Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" шешiмiне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 36-7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 желтоқсанда № 31131 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 19-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 19.03.2024 № 19-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Сарысу аудандық мәслихатының "Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4634 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларында:

      9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

      Мүгедектігі бар адамдарды, магистратураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарды, он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген, еңбек істеуге қабілеті болса да жұмыс істемейтін адамдары бар аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарысу аудандық
      мәслихат хатшысы А. Сейналиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады