Сарысу ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 19-4 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 сәуірде № 5192-08 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына, "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарысу ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Сарысу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарысу аудандық мәслихат төрағасы Ш. Мусабеков

  Сарысу аудандық мәслихатының
  2024 жылғы 19 наурыздағы № 19-4
  шешіміне 1 қосымша

Сарысу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Сарысу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қызмет беруші) жүзеге асырылады.

      3. Қызмет алушының жиынтық табысын қызмет беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) пайыз мөлшерінде айқындалды.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі.

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      банктік шоты;

      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;

      коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

      2) "электрондық үкімет" веб-порталы:

      мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;

      балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

      банктік шотының электрондық көшірмесі;

      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;

      коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;

      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      8. Қызмет алушыға тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:

      Өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары бір айға:

      жеке басты азаматтар үшiн – 30 (отыз) шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      екi және одан да көп адамнан тұратын отбасының әрбір мүшесiне – 18 (он сегіз) шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес.

      Электр қуатын тұтыну нормалары (бір айда):

      бірден екі адамға дейінгі отбасына – отбасының әрбір мүшесіне 80 киловатт;

      үш және одан да көп мүшелі отбасына – 400 киловатт.

      9. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3320 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

3-тарау. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау қызмет алушыға тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      12. Көрсетілетін қызмет алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді қызмет беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

  Сарысу аудандық мәслихатының
  2024 жылғы 19 наурыздағы №19-4
  шешіміне 2 қосымша

Сарысу аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4634 болып тіркелген);

      2. "Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 қарашадағы № 84-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4811 болып тіркелген);

      3. "Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 88-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4890 болып тіркелген);

      4. "Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 20-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27511 болып тіркелген);

      5. "Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 36-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31131 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады