"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-ші бабына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы "Қарағанды облысында коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің Қағидаларын бекіту туралы" қаулысы №71/02 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3627 болып тіркелген);
2) Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 ақпандағы №15/02 "Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы "Қарағанды облысында коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің Қағидаларын бекіту туралы" №71/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6229 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |