Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының "Қарағанды облысының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 27 ақпандағы № 505 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 5736 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат хатшысы | С. Утешов |