Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Қарқаралы ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 21 қарашадағы № 33/282 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2867 болып тіркелген);
2) "Қарқаралы ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттырылуы туралы" 2018 жылғы 21 маусымдағы № VI-29/263 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4860 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Нуркенов |