Қарқаралы ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 қарашадағы XХXІІІ сессиясының № 33/282 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 желтоқсанда № 2867 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 ақпандағы № VII-15/122 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 24.02.2022 № VII-15/122 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қарқаралы ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы,


аудандық мәслихат хатшысы

С. Нүркенов



  Қарқаралы аудандық мәслихатының
  2014 жылғы 21 қарашадағы
  № 33/282 шешімімен
  бекітілген

Қарқаралы ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарқаралы ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Қарқаралы ауданындағы аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2.Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады.

      Қарқаралы ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Қарқаралы ауданындағы аудандық маңызы бар қала, кент және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын он тұрғындардан бір адам сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады