ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 256 "Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3403 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарын айқындау туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтері және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданының әкімі | Е. Құсайын |
Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 3 қаулысына қосымша |
|
Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 256 қаулысына қосымша |
Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
№ | Өлшемшарт атауы | Иеліктен айыру түрі |
1 | Мемлекеттің алдағы уақытта аудандық коммуналдық мүлікті бақылауда мүдделігінің болмауы | Аукцион түріндегі жекешелендіру |
2 | Аудандық коммуналдық мүлікті сату шарттарын белгілеу қажеттілігі (қызмет түрін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, еңбек ақы бойынша берешекті өтеу) | Тендер түріндегі жекешелендіру |
3 | Жалдаушылар (жалға алушылар) және сенімгерлік басқарушылар тиісті шартты тиісінше орындаған жағдайда | Тікелей атаулы сатылым |